«Адалдық алаңы» жобасы аясында 19 наурыз күні Абай ауданының әкімдігінде «Абай адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

«Адалдық алаңы» жобасы аясында 19 наурыз күні Абай ауданының әкімдігінде «Абай адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

«Адалдық алаңы» жобасы аясында 19 наурыз күні Абай ауданының әкімдігінде «Абай адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Бимұратұлы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Төлеубек Аманғазыұлы, Абай ауданының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу, ақпараттық технологиялар,заң және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ернұр Қайнарұлы, Абай ауданының әкімі аппаратының заңгері Арнұр Ершеұлы және аудандық кітапхана меңгерушісі Камал Дина қатысты.

Дөңгелек үстел басында парасаттылық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру жайында маңызды әңгіме өрбіді. Қатысушылар адалдық, парасатттылық қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге ықпал ету мақсатында кітапхана қабырғасында «Парасат жолы» бұрышының ашылуында жиналуға келісті.

Шараға қатысушылар сөз соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – бүкіл қазақстандық қоғамның маңызды міндеті екендігін айтып, алдағы уақытта елдің еңсесін түсіріп, дамуына кері әсерін тигізетін кеселді дертпен бірлесіп күресіп, жас ұрпақты адалдыққа, парасыттылыққа тәрбиелейтін қоғам болып жұмыс жасау керектігі жөнінде айтты.

Ал біз Сіздерге, біздің назарымыздан шығып кетіп, Сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефоны 1️⃣4️⃣2️⃣4️⃣ номеріне хабарласа алатындықтарыңызды ескертеміз! Сенім телефоны күнделікті үзіліссіз және демалыссыз жұмыс жасайды.