
«Абай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы ағымдағы айдың 18 жұлдызында аудандық білім беру орындарындағы Қамқоршылық кеңестің жұмысына бақылау жүргізу мақсатында, білім бөлімінің маманы Аяулы Серікқызымен бірлесе бірнеше мектептерде болып қайтты!
Бақылау барысында:
«Білім туралы» ҚР Заңы 44-бабының 9 тармағына сәйкес ҚР Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі # 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңес қызметін құру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаттарына сәйкес араланған мектептердің барлығында «Қамқоршылық кеңестің» ұйымдастырылғаны анықталды
Қамқоршылық кеңестің ең бірінші міндеті: жалпы білім беретін мекемелердің қызметін тиімді жүргізуі үшін жағдай жасау
Сонымен қатар барлық мектептерде Қамқоршылық кеңес заңға сәкес 9 мүшеден(1-төраға, 1 хатшы, 7- мүше) тұрады!
Қамқоршылық кеңестің мектеп басшылығымен және педагогтармен бірлесе атқарып жатқан жұмысы мақтауға тұрарлық.
Араланған үш мектептің үшеуінде де 2020-2021 оқу жылында «Мейірімділік марафоны», «Жүректен жүрекке» акциясы басталып, әлі күнге дейін жалғасын табуда.
Сондай-ақ бақылау барысында пандемияға байланысты қашықтықтан сабақ оқу үшін мектептердің IT кабинетінің ноутбуктарымен қамтылған көп балалы, аз қамтылған отбасы оқушыларының тізімі де шет қалмады!
📌Бақылау барысында:
1️⃣Қарауыл Гимназиясында 10 бала
2️⃣Орта мектепте 12 бала
3️⃣Мектеп-лицейде 52 бала
ноутбуктармен қамтылғаны анықталды!
«Абай адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі болашақта болатын Қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысып, мектеп директорының Қамқоршыдық кеңеске беретін есебіне қатысуға ұсыныс жасап, сыбайлас жемқорлыққа арналған стендтерді тексеріп, өзгертулер енгізуді және сенім телефондарын насихаттауды ұсынды!
Ал біз Сіздерге, біздің назарымыздан шығып кетіп, Сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефоны 1️⃣4️⃣2️⃣4️⃣ номеріне хабарласа алатындықтарыңызды ескертеміз! Сенім телефоны күнделікті үзіліссіз және демалыссыз жұмыс жасайды.