«Абай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын игеру шеңберінде ауданымызда өткен жылы іске асырылған жобалардың қалай іске асқандығы жөнінде білу мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болып қайтты!
2020 жылы Абай ауданы бойынша жоғарыда айтылған бағдарлама шеңберінде 28 аудандық, 1 облыстық жоба іске асырылған.
Жалпы 29 жобада 593 жоспарланып, 642 жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 303 адам Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспарланып, жергілікті аудан тұрғындарынан 357 адам жұмысқа жолданылған.
Барлық жобалар 2020 жылы аяқталып, пайдалануға берілген.
Жобалар аяқталғаннан кейін 29 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.