ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды

«Абай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы ағымдағы айдың 20-шы жұлдызында «Зияткерлік күнімен» тұспа-тұс келген ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан өткен жарыста болып қайтты!
Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі-тоғызқұмалақ. Көненің көзіндей болған бұл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар дейді зерттеушілер.
Тоғыз құмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойыны болғанымен, оны қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың тоғыз құмалақ ойыны тіпті кемелденген және дамыған.
Тоғызқұмалақ ойыны қазақ даласында кең таралған. Өйткені Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді. Тым әріге бармай, ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай атамыз сүйіп ойнаған екен.

🏆Үлкен топ қыздар:
🥇Назымқызы Айзада
🥈Қайсаханова Ажар
🥉Нұрланқызы Айым
🥉Дулатқызы Аружан.

🏆Ұлдар тобы:
🥇Қайратұлы Нұралы
🥈Қожағұл Ерасыл
🥉Еркінов Нұрәли
🥉Тынысбекова Аймара.

🏆Кіші топ қыздар:
🥇Дулатқызы Салтанат
🥈Бақытбекқызы Фатима
🥉Серікова Лағыл
🥉Нұржанқызы Кәусар.

🏆Кіші топ ұлдар:
🥇Акимов Мейірлан
🥈Оразалин Нұрсұлтан
🥉Еркінов Дінмұхамед
🥉Мерей Абылай.