
«Абай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы 19 наурыз- «Шымырлық пен шеберлік күніне» орай Абай ауданының Балалар көркемсурет мектебінде ұйымдастырылған мастер классқа қатысып қайтты!
Мектеп мұғалімдері іс-шараны жақсы дайындықпен жоғары дәрежеде өткізді.
Көрме залындағы ұстаздар мен оқушылардың жұмыстарына көз тоймайды.
Тағы бір қуантарлық жайт:
Ұстаздарымыз сыбайлас жемқорлықпен күресте ат салысып, оқушыларды имандылыққа, парасаттылық пен әділеттілікке баулу мақсатында ұдайы ашық және карантин кездерінде онлайн форматта сыбайлас жемқорлыққа байланысты конкурстар ұйымдастырып тұрады екен.
Болашақта сыбайлас жемқорлыққа байланысты конкурстар немесе көрме болғанда бізді қонақ ретінде шақыру ұсынылды!
Сондай-ақ, мектепте сыбайлас жемқорлыққа байланысты стендпен танысқан «Абай адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі стендте сенім телефондарын орналастыруды ұсынды!