
“Абай адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы 17 наурыз - “Тарихқа тағзым” күнімен тұспа- тұс келген Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай.
Аудандық тарихи-мәдени «Өлкетану» мұражайында, мұражай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен ашық тәрбие сағатында болып қайтты!
Қарауыл гимназиясының 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткен бұл іс-шарада XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы - Әлихан Бөкейханов жайлы видео-роликтар көрсетіліп, балалармен сұрақ-жауап ретінде өтті!
Тәрбие сағаты барлық қатысушылардың көңілінен шығып, осындай форматта адалдық сағаты да жиі өтіп тұруы керек, -деген ұсыныстар айтылды.
Бүгінгі күн-ертеңгі тарих...
Осылайша ауданымызда алғаш рет тойланып отырған- «Тарихқа тағзым күні» атап өтілді! Ауданымыз үшін тарихи сәтке айналатын бұл күннің куәгері болуға мүмкіндік туындағанына қуаныштымыз.