
«Абай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы 14 наурыз «Қауышу күніне» орай Қарауыл гимназиясының ұйымдастыруымен өткен Ардагерлермен кездесуге қатысып, Салт-дәстүрді жаңғырту-өскелең ұрпақтың бойындағы адалдық, парасаттылық қасиеттерін оятып, патриоттық сезімдерін арттыратындығы жөнінде айтып, бұл үрдістің болашақта да жалғасын табуы туралы ұсынысқа қосылды...
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі.
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
Барша Қазақстандықтарды Қауышу күнімен құттықтаймыз!!! Амалдан амалға аман-есен жете берейік, ағайын!