
«Сенім жәшігі» акциясы аясында Абай ауданының «Ашық әкімдік» фронт-офисінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске байланысты жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен өтініштері үшін сенім жәшігі орнатылды. Сенім жәшігі азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметкерлердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғандығы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық әрекеттері туралы шағымдарын, ұсыныстарын жедел қабылдау, тіркеу, қарау және жауап беру міндеттерін атқарады.