
Аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау, қауіпті індеттен сақтандыру, адам көп жиналатын орындарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жеке тұлғаларға коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мониторингтік топтар өз жұмысын жалғастыруда. Жүргізілген рейд барысында сақтық шараларын сақтамаған Фархатова А. Тұрсынғазина Ә. есімді жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 43 755 теңгеден айыппұл арқалады. Індет салғырттықты көтермейді. Сондықтан талап пен тәртіпті қатаң ұстанғанымыз абзал.