
Мен қан орталығына барып плазмаға қан тапсырдым. Ондағы басты мақсатым науқастанып жатқан халыққа аз да болса пайдамды тигізу болды. Қорқатын ештеңе жоқ. Қан тапсыру адамның өзіне де пайдалы екен. Өзімді жеңіл сезініп, бойымнан ауыр жүк түскендей күйде болдым. Ауыр және орташа белгілерімен ауырған барлық жерлестерімді плазмаға қан тапсырып, донор болуға шақырамын. Халқымыз аман болсын, ауырмайық! Қиын күндер артта қалып, мамыражай тіршілігімізге оралайық!
Плазма доноры.