
Коронавирус індетінің алдын-алу жолында мониторингтік топтардың жұмысы жандана түсуде. Аталған топ мүшелері бүгін аудандағы бірқатар нысандарда болып, кәсіп иелері мен келушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Біз барлығымыз карантиндік шараларды бұлжытпай сақтасақ, жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын қатаң ұстанайық.