Мониторингтік топ рейд жүргізуде

Мониторингтік топ рейд жүргізуде

Мониторингтік топ кезекті рейд жұмыстарын жалғастырды. Ауылдағы кәсіпкерлік нысандарына қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты сақтық шараларын қатаң ұстану туралы ескертілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына бетпердесіз жүрмеу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сынды насихат жұмыстары жасалды. Карантиндік талаптарын қатаң сақтай білсек, қауіпті індетті ауыздықтауға мүмкіндігіміз бар екені айтылды.