
Аудандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптардың сақталуы маңызды мәселеге айналып отыр. Құрамына аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарымен қатар полиция, әкімшілік қызметкерлерінен құралған топ қоғамдық орындарда, сауда нысандарында болып, санитарлық нормалардың сақталуын қадағалауда. Рейд барысында топ мүшелері «Араш» шаруашылық дүкені, «Мұрат» дүкенінде болып, келушілерге сақтық шараларын түсіндірді.