
Плазма алу – плазмаферез деп аталатын қауіпсіз және ауыртпалықсыз процесс. Плазма донордан арнайы аппарат - қан сепараторы арқылы алынады. 40-60 минут ішінде донордан тек плазма ғана алынады, бір процедурада 400-600 мл плазма ала аламыз. Плазма алмас бұрын донорда коронавирусқа қарсы антидене бар-жоғын, қанша мөлшерде екенін анықтап алуымыз қажет. Одан кейін гемоглобинін, инфекция бар-жоғын (АИВ, гепатит, сифилис) анықтап, қан тобын, резус-факторын тексеріп, терапевтке қаратып аламыз. Плазманы алған сон инактивация жасалып, қолданысқа дейін қатырылып қояды.