
Елімізге төнген қатерлі індетті ауыздықтау мақсатында ауданымызда құрылған мониторингтік топтар белсенді жұмыс жасауда. Құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік бөлімі, қоғам белсенділерінен құрылған топ аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарында болып, кәсіп иелері мен келушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шектеу шаралары талаптарын бұзған 5 жеке тұлғаға 125 010 теңгеге айыппұл салынды.