
Аудан бойынша құрылған арнайы мониторингтік топ санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында үздіксіз рейд жүргізуде. Рейд барысында мониторингтік топ тарапынан шектеу шараларын ұстанбаған тұлғаларға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, қатаң ескертулер берілуде. Осы сияқты келеңсіздіктер қайталанбас үшін әркім сақтық шараларын сақтауды өзінен бастағаны дұрыс.