Егер Сіз COVID-19 – бен ауырып, сауығып кетсеңіз

Егер Сіз COVID-19 – бен ауырып, сауығып кетсеңіз

Егер Сіз COVID-19 – бен ауырып, сауығып кетсеңіз, онда Сіз короновирусқа қарсы күресте дәрігерлердің таптырмас көмекшісі бола аласыз. Қазір сіздің плазмаңызда COVID-19 вирусына қарсы жұмыс жасайтын антиденелер бар. Сондықтан осы кезеңдегі сіздің плазмаңыз 👉иммундық плазма деп аталады.
Егер короновирустық жұқпасы бар ауыр науқасқа иммундық плазманы құйса, ол донорлық антиденелерді ала отырып, өзінің иммундық жүйесін толық белсендіріп, антиденелерін шығарғанға дейінгі уақытты ұтымды пайдалана алады.
Қан орталығында өз плазмаңызды тапсырғаннан кейін сіз кем дегенде екі ауыр науқасқа бірден көмектесесіз. Сіздің денсаулығыңызға зиян келтірілмейді, плазманы беру қарапайым және қауіпсіз процесс.

Егер сіз иммундық плазма доноры болғыңыз келсе – Аудандық орталық ауруханаға келіңіз.
Бұған дейін сізге емдеуші дәрігер ұсынғандай, сіз емделіп шыққаннан
кейін 2 немесе 3 апта ішінде үйде қалпыңызға келуіңіз қажет.

Тапсырылған плазма үшін ақшалай сыйақы💰 7 АЕК (19446 теңге) құрайды

Сіздің плазмаңыз – бұл құтқарылған өмір🙏❤!