Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 5 маусым Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум

2022 жылғы 5 маусым
Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығымен тағайындалған
Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум

Орталық референдум комиссиясының
ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!



Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар.

Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады.

 

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді Сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі.

Дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады, олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өз учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді Сіз жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.



2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз.



Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!



ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!

Дата публикации
12 мая 2022
Дата обновления
12 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы