Меню

Страницы

Статья

Өңірдегі қаржы нарығына қызмет жасайтын қызметкерлердің жұмысына қоғамдық бақылау

«Абай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы «Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ есепшісі Жарылғапова Торғын Төлепбекқызының жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.

2022 жылғы бюджет 337,676 мың мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 110,706 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 226,970 мың теңге бөлінген. Іссапарға 900 мың теңге, еңбек ақыға 241,743 мың теңге, әлеуметтік салықққа 12,702 мың теңге, әлеуметтік салымға 7,407 мың теңге, әлеуметтік медициналық сақтандыруға 7,223 мың теңге, жанармайға 1,038 мың теңге, комуналдық қызметке 10,468 мың теңге, электр жүйесіне 2,940 мың теңге, телефон байланысына 2,940 мың теңге, өзге де қажеттіліктерге 7,897 теңге жұмсалған.

Мектепте жалпы саны 84 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 57 мұғалім, 45 жұмысшы. Біліктілігін тестте дәлелдеген мұғалімдер саны 31. Оның 17 шебер, 5 зерттеуші, 9 модератор біліктілігіне ие. Содай-ақ, мұғалімдердің жалақысын есептегенде сынып же¬текшілік (50-60%) пен дәптер тексеруге (40 %) арналған қаражаттың заңға сәйкес мөлшерде уақытылы аударылып отыратындығы анықталды. Аудандық маслихаттың шешімімен бекітілетін 25% ауылдық үстемақы да қарастырылған. Қазіргі таңда жұмысшылардың да жалақысы 23%-ға өскен.

Мектепте жалпы саны 388 бала білім алады, оның 38-і мектепке дейінгі даярлық тобындағы балалар. Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасынан шыққан балалар саны 243. Тамақтануға 17,350 мың тенге, 5,263 мың теңгеге мектеп формасы, 4,356 мың теңгеге аяқ киім, 242 мың теңгеге кеңсе құралдары, 484 мың теңгеге жаңа жылдық сыйлықтарға қарастырылған.

Есепші «Парус» бағдарламасымен жұмыс істейді. Балалардың тамақтануы конкурстық негізде жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылады. Ас мәзірінде ет, дәрумендік көкөніс, жемістер, макарон, сүт өнімдері т.б. бар.

Барлық бюджеттік қаражаттар ашық бюджеттер порталында орналастырылған және олардың мақсатты жұмсалуын әрбір азамат бақылай алады.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жоқ. Есепшінің жұмысына шағым түскен жоқ.

Дата публикации
28 апреля 2022
Дата обновления
28 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы