Меню

Страницы

Статья

Өңірдегі қаржы нарығына қызмет жасайтын қызметкерлердің жұмысына қоғамдық бақылау

«Абай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ есепшісі Аханова Салтанат Жексенбайқызының жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.

 2022 жылғы бюджет 331,876 мың мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 109,713 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 222,163 мың теңге бөлінген. Іссапарға 900 мың теңге, еңбек ақыға 21,551 мың теңге, өзге де қажеттіліктерге 3,897 теңге, жылуға 6,620 мың теңге, суға 300 мың, электр жүйесіне 1,410 мың теңге, телефон байланысына 2,870 мың теңге, арнайы күзетке 1,428 мың теңге жұмсалған.

Мектепте жалпы саны 106 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 54 мұғалім, 7 тәрбиеші, 45 жұмысшы. Қазіргі таңда 8 мұғалім, 1 жұмысшы декреттік демалыста. Біліктілігін тестте дәлелдеген мұғалімдер саны 32. Оның 14 зерттеуші, 6 сарапшы, 12 модератор біліктілігіне ие. Сонымен қатар, 1 санатты 4 мұғалім, 2 санатты 3 мұғалім бар. Содай-ақ, мұғалімдердің жалақысын есептегенде сынып же¬текшілік (50-60%) пен дәптер тексеруге (40 %) арналған қаражаттың заңға сәйкес мөлшерде уақытылы аударылып отыратындығы анықталды. Аудандық маслихаттың шешімімен бекітілетін 25% ауылдық үстемақы да қарастырылған. Қазіргі таңда жұмысшылардың да жалақысы 23%-ға өскен.

Мектепте жалпы саны 312 бала білім алады, оның 42-сі мектепке дейінгі даярлық тобындағы балалар. Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасынан шыққан балалар саны 136. Бір күндік тамақ ақысы 450 тенгені құраса, наурыз айында тамақтануға 819000 тенге жұмсалған. Сондай-ақ, 2,871 мың теңгеге мектеп формасы,1,320 мың теңгеге аяқ киім, 132 мың теңгеге кеңсе құралдары алынған.

Есепші «Фаворит» бағдарламасымен жұмыс істейді. Балалардың тамақтануы конкурстық негізде жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылады. Ас мәзірінде ет, дәрумендік көкөніс, жемістер, макарон, сүт өнімдері т.б. бар.

Барлық бюджеттік қаражаттар ашық бюджеттер порталында орналастырылған және олардың мақсатты жұмсалуын әрбір азамат бақылай алады.

Дата публикации
27 апреля 2022
Дата обновления
27 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы