Қоғамдық бақылау бойынша:
Ауданда қаңғыбас ит пен мысықты ұстауға 4 адам жұмылдырылған. Заң аясында әзірлеген үлгілік қағидалар бойынша ау¬ланған жануарлар уақытша ұстау орындарына жеткізілуі тиіс. Ауданда қазіргі таңда уақытша ұстау орындары жоқ. Алдағы уақытта бекітілген ережелерге сәйкес панажайлардың құрылысын салу мен басқа да жұмыстар заңда белгіленген тәртіп бойынша атқарылады. Қазіргі таңда барлық құрылыс материалдары мемлекеттік сатып алу бойынша алынып, құрылыс жұмыстарына дайын тұр.
Жеткізілген қаңғыбас иттер мен мысықтарды ветеринар мұқият тексереді. Қараусыз қалған ит, мысықтар 5 тәулік орталық қарамағында болып, иесі табылмаған жағдайда көзі жойылады.
Үстіміздегі жылдың 11 айында 3517 тенгеден 580 кезбе ит және мысық ауланып, жойылды. Ауылдық округтер бойынша тарқатып айтатын болсақ, ағымдағы жылы Кеңгірбай би ауылдық округінде 60 бас ит, Көкбай ауылында 70 бас ит, Құндызды ауылында 50 бас ит, Архат ауылында 40 бас ит, Қасқабұлақ ауылдық округінде 70 бас ит, Саржал ауылында 100 бас ит, Тоқтамыс ауылында 35 бас ит, Медеу ауылында 25 бас ит, Қарауыл ауылдық округінде 350 бас иттің көзі жойылды.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңына сәйкес қараусыз қалған үй жануарларын аулауға ғана рұқсат берілген!
Егер де Сіз қараусыз немесе қаңғыбас иттер мен мысықтарға тап болсаңыз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық округ әкімдігіне 9-17-67, 9-15-03 телефон нөмірлері арқылы хабарласып, өтінім қалдыруыңызға болады. Әкімшілік қызметкерлері Сіздің өтінімізге сәйкес аудандық ветеринария қызметіне сұраныс жіберіп, өтініміңіз тез арада өңделеді.
Сонымен қатар, ит пен мысық иелерінен үй жануарларын қараусыз қалдырмау сұралады! Серуенге шығар алдында иттің тұмылдырығын (намордник) ұмытпағайсыздар! Иесі бар үй жануарларының қараусыз қалуы заңмен қадағаланып, әкімшілік айппұлдың қарастырылғандығын ескертеміз!