Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы жұмысына қоғамдық бақылау жүргізілді.

«Абай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсе басшысы Бақыт Серікханқызы ауыл шаруашылығы жұмысына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында аудандық кәсіпкерлік, жер қатынастары және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Думан Нариманұлымен кездесті.

Қоғамдық бақылау барысында:

 Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 33 464,8 млн. теңге, индексі 104,7 пайыз.
Бүгінгі күні аудан бойынша 118 498 бас қой-ешкі малы қолда бар, былтырғы жылмен салыстырғанда 75,2%-ға төмендеген, 72 727 бас мүйізді ірі қара, былтырғы жылмен салыстырғанда 109,3 %-ға, 51 971 бас жылқы малдары, былтырғы жылмен салыстырғанда 114 %-ға артты.

Ауылшаруашылығы құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақта ет- 32 455,8 тонна немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 106,7 пайызға, сүт 45 904,2 тонна немесе 107 пайыз, жұмыртқа 1429,1 мың дана өндіріп 106,1 пайызды құрады.

 «Қолдау» дерекқорында аудан бойынша ауылшаруашылығына тиесілі 1 млн. 150 мың 773 гектар жайылымдық жерлер тіркелген. Бүгінгі күні 996 мың 475 гектар жер цифрланды. 86,6 % құрайды. Облыстық орындалу -73,7 пайыз.

 Ауданымыздың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде мал шаруашылығы.
Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 543 шаруа қожалығы және 3257 жекеменшік қосалқы шаруашылықтар айналысуда.
Ауданда асыл тұқымды шаруашылық саны 42-ке жетті. оның ішінде қоймен - 21, ірі қарамен - 20, жылқымен - 1 шаруашылық айналысады.
МІҚ малдарының тұқымдық түрлендіру бағдарламасы бойынша өткен жылдың көрсеткішіне сәйкес 17 мың аналық мал асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз етілді.
Ірі қара малының генетикалық әлеуетін арттыру мақсатында ауданымыздың 235 шаруа қожалықтары 1644 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқалар және асыл тұқымды аналық малдарын сатып әкелді.
2021 жылы 591 млн 397 мың теңге мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидия қаражаты игерілді.

 Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту және жайылымдық жерлерді суландыру бағдарламасы аясында 2021 жылы 32 скважиналық құдық қазылдыжәне субсидиялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.


 
 
 Семей және Нұр - Сұлтан қалаларында жыл сайын өтетін ауылшаруашылығы жәрмеңкелеріне ауданның шаруа қожалықтары жиыны 6 жәрмеңкеде 59 тоннаға жуық ет өнімдерін апарып, төмендетілген бағада саудаланды.

Ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында «Агрофирма Приречное» ЖШС өзара меморандумға сәйкес былтырғы жылы 4 мәрте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы құнынан төмен бағамен сатылды.

Аудан бойынша бүгінгі таңда 654 ауылшаруашылығы техникалары тіркелген. Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында 2021 жылы 30 трактор және 45 қосалқы техникаларын жалпы құны 338,1 млн. теңгеге сатып әкелінді.
Дата публикации
20 апреля 2022
Дата обновления
20 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы