«Абай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы сот жұмысының ашықтығына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында Абай аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Қасымұлымен кездесті.
Қоғамдық бақылау барысында:
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленеді.
Жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы 2 сот процесіне қатысты. Сот процесінде екі әкімшілік іс қаралып, тараптардың татуласуына байланысты жабылды. Ауданда айына орта есеппен алғанда 15 әкімшілік, 12 азаматтық және 2 қылмыстық іс қаралады. Процесс соңында, сотқа қатысушы тұлғаларға, куәгерлер мен дәлелдер ескеріліп, заңда белгіленген қағидаттарды қатаң басшылыққа ала отырып шығарылған сот актілерінің мазмұны түсіндіріледі. Егер шығарылған сот актісіне тараптардан шағым келтірілген жағдайда іс облысқа жіберіледі.
Айыптылық түріне қарай қасақана жасалған және абайсызда жасалған қылмыс болады. ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген іс-әрекеттің сипатына және қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай:
жеңіл қылмыстарға (2 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру),
ауырлығы орташа қылмыстарға (2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру),
ауыр қылмыстарға (5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру),
ерекше ауыр қылмыстарға (10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе неғұрлым қатаң жаза қолданылатын қасақана іс-әрекет) бөлінеді. Аудан көлемінде аталған қылмыстарыдың бастапқы үшеуі қаралады.
ҚР 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-IV заңында ҚР-да медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды делінген. Осыған сәйкес, ауданда медиация құрылып, кәсіби емес, яғни қоғамдық медиаторлар тізімі бекітілген. Медиацияның соттан ең басты айырмашылығы — медиацияда ұтқан, ұтылған деген тарап жоқ, себебі олар екі жаққа қолайлы мәмілеге келуі керек.