Құрметті жерлестер!
Бүгін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жұмыс кестесіне сәйкес көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелері жөніндегі аудандық қоғамдық комиссия отырысын өткізді.
Күн тәртібінде:
1. Абай ауданы бойынша 2021 жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жалға берілген тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы;
2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы баяндамалар тыңдалды.
Жоғарыда аталған жұмыстарға байланысты тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды комиссия мүшелеріне жүктелді.