Меню

Страницы

Статья

ЖББ Қарауыл гимназия оқушыларының сенімді қорғалуы мен қауіпсіздігі қоғамдық бақылауда

ЖББ Қарауыл гимназия оқушыларының сенімді қорғалуы мен қауіпсіздігі қоғамдық бақылауда

«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы ЖББ Қарауыл гимназия оқушыларының сенімді қорғалуы мен қауіпсіздігіне қоғамдық бақылау жүргізді.

Мониторинг барысында:

 Мектепте жиыны 16 бейнежазба камералары қойылған. Оның 12-і ішкі, 4-і сыртқы болып табылады! Барлық дерлік камералар 3 метр биіктікте орнатылған! Қазіргі уақытта барлық бейнежазба құрылғылары штаттық режимде жұмыс жасап тұр.

 Сондай-ақ, мектепке бөгде азаматтардың рұқсатсыз кірмеуі үшін арнайы турникеттер орнатылған. Магниттік карталармен жалпы саны 282 оқушы, 108 ұстаз қамтылған. Сонымен қатар, мектептің арнайы қонақтарына арналып 25 карта жеке сақталады. Барлық магниттік карталар оқушыларға сынып жетекшісінің және ұстаздардың жеке қолының растауымен беріледі.

Мектепке келіп-кетушілерді қосымша тіркеп отыратын 2 вахтёр бар!

 Сонымен қатар, 1 лицензияландырылған күзет агенттігінің «Арнайы күзет» және кешкілік уақытта мектептің және оның мүлкінің қауіпсіздігіне жауапты 3 штат бойынша бекітілген күзетшілер жұмыс атқарады.
Сондай-ақ, мектепте дабыл тетігі мен автоматтандырылған өрт дабылы қондырғылары орнатылған!

 Мониторинг барысында барлық келісім шарттар мен лицензия қаралып, құқық бұзушылықтар анықталмады! Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады.

Дата публикации
25 марта 2022
Дата обновления
25 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы