Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі өтті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі өтті.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Қарауыл ауылында ұйымдастырылған жәрменкеде аудан тұрғындары мен қонақтары өнімдерді тікелей тауар өндірушілердің өзінен сатып алды.

Шаруа қожалық иелері жәрмеңкеге ет пен сүт өнімдерін, сондай-ақ көкөніс өнімдерін ұсынды. Бұл игі іс аудан әкімі Нұржан Оразбекұлының бастамасымен жүзеге асырылуда.

Жәрмеңкеде қой етінің келісі – 2000 теңгеден болса, қымыздың литрі – 800 теңгеден сатылды. Әлеуметтік жәрмеңкеде картоп, сәбіз, сарымсақтың бір келісінің құны 90 теңге болды. Сатылымға картоптың 2 тоннасы, сәбіздің 1,5 тоннасы, сарымсақтың 1 тоннасы жеткізілді.

Жәрменкеде сонымен қатар, 18 тонна кебек әкелініп, 1 қап кебек - 1500 теңгеде сатылды! Әрбір адамға бес қаптан артық босатылмауы арқылы, халықтың барынша қамтылуы да қарастырылды!

Бұдан басқа, жәрмеңке қонақтарына кондитерлік өнімдер мен балық өнімдері сатылымға ұсынылды.
Жәрменкеде ұсынылған өнімдер бағасының нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен екендігін байқаймыз. Мұндай жәрменкелер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Осы орайда, барлығын қадағалап, бақылап, басығасында жүрген ауылдық округ әкімдеріне және ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қап-қап кебек тиесіп жүиген ауданымыздың еріктілеріне ризашылығымызды білдіреміз!

@shko_abay_audanynyn_akimdigi
@abaizhastary2022
@abai_adaldyqalany
@shygys_adaldyq_alany

Дата публикации
09 марта 2022
Дата обновления
09 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы