Су тасқынының алдын алу шаралары қоғамдық бақылауда
«Абай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серкіханқызы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары туралы білу мақсатында аудандық жұмылдыру дайындығы бөлімшесінің инспекторы Жандос Бектөлеуұлымен кездесті.
Мониторинг барысында, Қарауыл метеостанциясының 2022 жылғы 27 ақпан күнгі мәліметі бойынша жердің қатуы – 118 см. Қар қалындығы- 5 см. Ауа температурасы - 3 гр. екендігі анықталды.
Абай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 01 ақпандағы № 15 «2022 жылдың көктем кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары туралы» қаулысы негізінде іс-шаралар жоспары және су тасқынының алдын-алу мен жою жөніндегі аудандық штаб құрамы бекітілді.
2022 жылдың 22 ақпанында көктемгі су тасқынының алдын-алу іс-шараларын жүргізуге әзірлік туралы Абай аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өткізілді.
Абай ауданы әкімдігінің 2022 жылдың 05 қаңтар № 01 «Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» аудан әкімдігінің қаулысына комиссияның дербес құрамы өзгертілді.
23.02.2022 жылы «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға Абай ауданының азаматтық қорғау құрылымдарымен жеке құрамының және техникаларының көктемгі кезеңге әзірліктері тексеріліп, оқу-жаттығу өткізілді, Абай ауданының азаматтық қорғау құрылымдарымен жеке құрамының жалпы жиыны 38 адам және 20 техника жұмылдырылды.
Аудан бойынша жалпы жолдар жүйесінің ұзындығы – 410,7 км. Оның ішінде республикалық маңыздағы – 70 км, облыстық маңыздағы – 258 км, аудандық маңыздағы – 82,7 км.
Аудан аумағында жалпы 8 көпір (аудандық-2, облыстық-3, республикалық-2, Қарауыл а/о-1) және 262 су ағар бар (аудандық-51, облыстық-166, республикалық-45).
23.02.2022 жылға облыстық маңызы бар жолдарда орналасқан жиыны 135 су ағар тазаланды, аудандық маңызы бар жолдарда 29 су ағар тазаланды.
2022 жылдың бүгінгі күнге дейін ШЖҚ «Риза» КМК-ның техникаларының күшімен 8,7 мың.куб.м. қар шығарылды.