Меню

Страницы

Статья

Жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында көктемгі су тасқынының салдарынан адамдардың шығыны мен үлкен материалдық шығындардың шығуына әкеліп соғады.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында көктемгі су тасқынының салдарынан адамдардың шығыны мен үлкен материалдық шығындардың шығуына әкеліп соғады. Қарапайым халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігін бұзады.
Аудан бойынша 25 ақпан 2022 жылғы гидрометеорологиялық ақпаратына сүйетін болсақ, жер бетінің қату деңгейі 117 сантиметрді құрайды, 2021 жылы осы уақытты қарайтын болсақ 90 сантиметрді құраған. Қардың қалыңдығы 5 сантиметр, 2021 жылы 0 сантиметрді құраған.
2022 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен келесі жұмыстар жүргізілді:
1. Аудандық әкімшілікпен бірлесе отырып, «2022 жылға арналған Абай ауданының көктемгі су тасқыны кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары» құрылып, бекітілді.
2. Абай ауданының ТЖ комиссиясының 22.02.2022 жылы өткізілген «Көктемгі су тасқыны алдын алу бойынша» өткізілген отырысында ауылдық округ әкімдері мен аудандық азаматтық қорғау құрылымдарының басшылыарына тапсырмалар берілді.
3. Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамдарымен аудандағы тұрғын үйлер үнемі аралап, көктемгі су тасқыны кезіндегі ТЖ алдын алу бойынша нұсқамалар таратып, үй иелерімен аулаларындағы қарлар мен мұздарды тазарту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңы 1973 дана нұсқау таратылып, 3722 тұрғын қамтылған.
4. Білім беру мекемелерінде оқушылармен өрт қауіпсіздігінен басқа, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шаралары туралы сабақтар өткізілуде.
5. Егерде көктемгі су тасқыны кезеңі басталған уақытта азаматтық қорғау қызметкерлері және күштер мен құралдар толығымен күшейтілген режимге ауысады. Оның ішінде 22 жеке құрам, 5 бірлік техника, 3 мотопомпа. Барлық мотопомпа тексерілген жарамды жағдайда, оларға 5 қысымды өрт жеңдерімен және 2 сорғыш-қысымды жеңдермен қамтылған.
Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы 5 дана гидрокомбинизонмен және 9 дана лиманды комбинизонмен жабдықталған.
6. «Абай елі» аудандық газетте «Көктемгі су тасқыны» деген мақала жарияланды.
7. Интернет желілерінде көктемгі су тасқынына дайындық және су тасқынын алдын алу бойынша 5 материал жарық көрді.

Дата публикации
26 февраля 2022
Дата обновления
26 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
22 октября 2026
ТОО "Абай елі"
21 октября 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы