Меню

Страницы

Статья

ЖАНАРМАЙ БЕКЕТТЕРІНДЕ ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫНЫҢ ШЕКТІК БАҒАДАН АСЫП КЕТПЕУІНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

ЖАНАРМАЙ БЕКЕТТЕРІНДЕ ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫНЫҢ ШЕКТІК БАҒАДАН АСЫП КЕТПЕУІНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

«Абай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсе басшысы Бақыт Серікханқызы және аудандық кәсіпкерлік, жер қатынастары және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы жанармайдың шектік бағасына қоғамдық бақылау жүргізді.

Іс-шара барысында, Президенттің 2022 жылғы 5 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» тапсырмасына сәйкес, аудандағы жанармай бекеттеріндегі шекті бағаны негізсіз көтеру фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауданда барлығы 5 ауылдық округте 9 жанармай бекеті бар, олар:

Қарауыл ауылдық округінде:

«Кабер+»
«Кабер»
«Ак-Нур»
«Дінсләм»
«Мұсабек Қанат Каберұлы» ЖК - жанармай бекеті
Көкбай ауылдық округінде:
«Кокебаев Ербол» ЖК - жанармай бекеті
Архат ауылдық округінде:
Шығыс Мұнай Өнімдері» ЖШС
Құндызды ауылдық округі:
«ДК Төлеубеков» ЖК
Саржал ауылдық округі:
«ДК Кенжебаев Жәнібек» ЖК
2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстанда 180 күн мерзімге мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар (қосылған құн салығын ескере отырып) келесі деңгейде белгіленді:

АИ-80 маркалы бензин – литріне 89 теңге;
АИ-92 маркалы бензин – литріне 182 теңге;
АИ-93 маркалы бензин – литріне 182 теңге;
АИ-95 маркалы бензин – литріне 215 теңге;
дизель отыны (жазғы, маусымаралық): Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында-литріне 260 теңге.

Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша, барлық бекеттерде жанармай бағасы шекті бағадан аспайды.

 Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады!

Дата публикации
23 февраля 2022
Дата обновления
23 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы