«Абай– Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы Абай аудандық ауруханасында көрсетілетін медициналық қызмет сапасына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында ауданның бас дәрігерімен кездесіп, сырқатына ем іздеп келген аудан тұрғындарымен тілдесті.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, Аудандық аурухана мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес тегін және ақылы негізде медициналық қызметтер көрсетеді. Бұл қызметтер ауданның кез келген тұрғынына электронды түрде қолжетімді. Мониторинг барысында, аудан бойынша Диспансерлік есепте 18 жасқа дейін 819 болса, 18-ден асқан ересек адамдардың саны 3190-ға жеткен. Оның 1400 қан қысымының жоғарылығымен, яғни артериялық гипертониямен есепте тұрғандығы анықталды! Жылдың басынан 11 бала дүниеге келген. Сонымен қатар, жылдың басынан ауданда тұмаудың кеңінен тарап, ауруханаға келушілердің саны әдеттегіден 2 есеге артқан! Қазіргі уақытта, тәуліктік стационарда 14 адам жатса, күндізгі стационардан күнделікті 50 адам ем қабылдауда.
Мониторинг соңында,медицина мамандарының тапшылығы анықталды. Дәлірек айтар болсақ, ауданымызда акушер-гинеколог, хирург, педиатр, психиатр-нарколог маманықтары бойынша жетіспеушілік байқалады. Аудандық аурухананы қажет мамандармен қамтамасыз ету үшін Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің болашақ мамандарының тізімі алынып, жұмыс ұсынылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде! Сонымен қатар, мұндай мамандар үшін арнайы қызметтік үй қарастырылған!