Серікханқызы Саржал ауылдық округі әкімдігінің жұмысына, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысын қарады. Мониторинг барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, оны жою бойынша ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында, «Тоқжігітов атындағы орта мектеп» директорымен кездесу өтті. Кездесу барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, Қамқоршылық кеңес, тегін тамақтану туралы мәселелер қаралды! Балалар сапалы білім алуы үшін мектепте барлық жағдай жасалған, алайда ғаламтор мәселесі толықтай шешімін таппай, біраз қиындықтар тудыруда!
Ауылдық округтегі ғаламтор мәселесі қазіргі уақытта аудан көлемінде қаралуда! Бұл мәселе жақын-арада өз шешімін табатын болады!
Кездесу соңында, Бақыт Серікханқызы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерімен кездесіп, өз қатарластарының алды болып, үлгі болуы үшін не істеу керектігі жөнінде кеңес берді. Оқушылар да өз алдына адалдықты насихаттаудағы жұмыстарымен бөлісіп, ойларын білдірді.