«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы Құндызды ауылдық округінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәлелелері жөніндегі комиссияның құжаттары мен кешенді жоспарларына қоғамдық бақылау жүргізді.
Сонымен қатар, Бақыт Серікханқызы іс сапар барысында Шәкір Абенов атындағы орта мектепте балаларды адалдыққа баулуда атқарылып жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізіп, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарымен танысты! Алдағы уақытта өтетін іс-шаралармен таныса отырып, бірқатар ұсыныстар берілді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да кеңсе бақылауында болып, тың жаңалықтармен өздеріңізбен бөлісетін боламыз!