«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бақыт Серікханқызы ҚР денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ШҚО бойынша Абай аудандық бөлімшесі қоғамдық бақылау жүргізді.
Қоғамдық бақылау филиал басшысы - Несіпбаева Бақытгүл Шыңғысбекқызының қатысуымен өтті.
ҚР денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ШҚО бойынша Абай аудандық бөлімшесінің негізгі бағыттары:
Өндірістік бақылау
Жұмыс орындарын аттестаттау
Дезинфекция, дератизация
Клиникалық-диагностикалық зерттеулер
Медициналық тексеру
Гигиеналық оқыту
Санитарлық - эпидемиологиялық мәселелер бойынша кеңес беру
«Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ШҚО бойынша Абай аудандық бөлімшесінде санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық бөлім бойынша дозиметриялық өлшеулер және дезинфекциялық бригада жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс негізінде және ақылы түрде келіп түскен тапсырыстар бойынша мекемелерге барып арнайы зертханалық талдаулар жасалады!
Қоғамдық бақылау барысында заң бұзушылықтар анықталмады. Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады!