Мониторинг барысында:
ХҚКО халыққа жиыны 662 қызмет көрсететіндігі анықталды, оның ішінде 645 қызметті әрбір азамат онлайн, eGov порталдан алуға мүмкіндігі бар!
Орталықта орта есеппен алғанда күнделікті 145 адамға қызмет көрсетіліп, 200-ге жуық адамға консультация беріледі. Сонымен қатар, «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторында 3 компьютер қойылған, келген тұтынушылар 2 маманның көмегімен кеңес ала отырып қызмет алуы үшін толықтай жағдай жасалған! Сондай-ақ, анықтамаларды «eGov mobile» қосымшасы арқылы да алуға болады. Халыққа оңтайлы болуы үшін қосымша арқылы алынған анықтамаларды басып шығару үшін интернет желісі арқылы қосылатын принтерлер орнатылған!
Ағымдағы айда жиыны 1973 анықтама берілсе, жылдың басынан бері беріліп келе жатқан анықтамалар саны 27 271- ге жеткен. Жылдың соңына қарай анықтамалардың көшін «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама» көш бастап тұр, мұндай анықтама қараша айының өзінде 220-адамға берілген екен!
Абай ауданы ХҚКО басшысы Жарасбай Бақытжан Жәкішқызы «Саналы қызмет-сапалы нәтиже» жұмыс барысындағы басты ұранға айналғандығын айтты! Сонымен қатар, сапалы қызмет көрсетілуін бақылайтын «Ситуационный центр» видеобақылау арқылы жұмыс барысын бақылап, мониторинг жүргізіп отырады екен!
ХҚКО-ның назарынан мүмкіндігі шектеулі жандардың шет қалмағаны қуантады Ғимаратта арнайы пандус және де кезектен тыс қызмет алуға мүмкіндік беретін «Жеңілдік терезесі» қарастырылғаны мақтауға тұрарлық
ХҚКО-да сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмаған! Алайда соның алдын алу мақсатында:
Құқық қорғау органдарының қатысуымен айына 3-5 семинар өтіп, хаттама толтырылатындығы анықталды!
«Абай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сенім телефондарын барынша насихаттап, сенім жәшігіне байланысты бірқатар ұсыныстар берді!