«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы республикалық маңызы бар Семей - Қайнар тас жолындағы жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында:
Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме - «Гордострой» ЖШС
Жөндеуден өтетін жолдың жалпы ұзындығы - 62 км.
Жұмыс жасап жатқан адамдардың саны - 15 адамды құрайды!
Жолды жөндеу жұмыстарына 5 техника жұмылдырылған!
Төселген асфалтьқа мердігерлердің беретін кепілдік мерзімі - 3 жылды құрайды!
Сонымен қатар, 198-220 км-де жолдың шетін тегістеу жұмыстары жүруде! Тегістеу жұмыстары үшін топырақ пен қиыршық тас (гравий) пайдаланылуда!
Бұл жұмыстар, алдағы уақытта да, кеңсе бақылауында болып, барлық хабардан Сіздерді хабардар етіп отыратын боламыз!