«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бақыт Серікханқызы Саржал ауылының дәрігерлік амбулаториясына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында:
Амбулаторияда - 2 дәрігер, 1 акушер, 3 медбике, 1 жүргізуші және 1 техникалық қызметкер жұмыс жасайды!
РПН бойынша тіркелген тұрғындар саны - 1232.
Күндізгі емдеу бөлмесінде 2 төсек бойынша емшара алуға жағдай жасалған!
Медициналық құрал жабдықтар сапалы және жұмысқа дайын! Дәлірек айтар болсақ;
Қазіргі уақытта амбулаторияда гриппқа қарсы вакцинация жүруде!
Сондай-ақ, амбулатория алғашқы көмек көрсету және ақпараттық стендтарымен жабдықталған!
Әр кабинетте тізімге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтылған Бикстер орналастырылған (дәрі-дәрмек қобдишасы). Барлық дәрілерді жарамдылық мерзімі тексерілді.
Сонымен қатар, әр кабинетте қалдықтар жәшігі орналастырылған!
Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті!
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, ауыл тұрғындарының 100% Covid-19 қарсы екпе алған. Егер, аталған ауруға байланысты шағымдармен келіп түскен науқастар болса, бірден ПТР сынамасы алынып, арнайы контейнермен жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізіледі.
Амбулаторияда 1 көлік бар, алайда жылы автотұрақ қарастырылмаған. Бұл туралы арнайы ұсыныс хат жолданатын болады!
Ағымдағы жылда жүктілікпен тіркелгендер саны -10. Уақытылы тегін жолдама арқылы қалаға скринингке жіберіліп отырады!
Жылдың басынан 8 адам шығыны тіркелген, оның 1-і сәби (автокөлік апатынан).
Сонымен қатар, жобалық кеңсе жетекшісі тұрғындардан медициналық қызмет сапасы туралы сауалнама алып, ашық сұхбат жүргізді! Кездесу барысында, ауыл тұрғындары медициналық қызметкерлердің жұмысын жоғары бағалап, оң бағасын берді.
Осы салада 31 жыл жұмыс істеген Имангалиева Аяр Алтынханқызы Саржал ауылдық округінің амбулаториясында жұмыс істегеніне 28 жыл болғанын айта отырып, амбулаторияға күнделікті орта есеппен 20-30 адам дәрігерлік көмекке жүгінетіндігін айтты. Осы уақытқа дейін арыз-шағымдар тіркелмеген!