«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бақыт Серікханқызы Құндызды ауылының дәрігерлік амбулаториясына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында:
Амбулаторияда - 1 дәрігер, 1 акушер, 2 медбике, 1 жүргізуші және 1 техникалық қызметкер жұмыс жасайды!
РПН бойынша тіркелген тұрғындар саны - 1030.
Күндізгі емдеу бөлмесінде 1 төсек бойынша емшара алуға жағдай жасалған!
Медициналық құрал жабдықтар сапалы және жұмысқа дайын!
Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті!
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, ауыл тұрғындарының 100% Covid-19 қарсы екпе алған.
Амбулаторияда 1 көлік бар, алайда жылы автотұрақ қарастырылмаған. Бұл туралы, арнайы ұсыныс хат дайындалуда!
Ағымдағы жылда жүктілікпен тіркелгендер саны -5.
Ағымдағы жылы 12 бала дүниеге келген, оның ішінде 2 егіз (2 ұл және бір ұл мен бір қыз)
Адам шығыны тіркелмеген!
Сонымен қатар, жобалық кеңсе жетекшісі амбулатория дәрігері Клара Мұратханқызымен вызовқа барып, тұрғындардан медициналық қызмет сапасы туралы сауалнама алып, ашық сұхбат жүргізді! Кездесу барысында, ауыл тұрғындары медициналық қызметкерлердің жұмысын жоғары бағалап, оң бағасын берді. Амбулаторияға күнделікті орта есеппен 10-15 адам дәрігерлік көмекке жүгінеді. Арыз-шағымдар тіркелмеген!
Тағы бір қуантарлық жайт, пандемияға қарамастан, дәрігердің есебінде тұрған азаматтар шет қалмай, уақытылы тегін дәрі-дәрмектерін алып, ем алуда! Қалаға берілетін жолдама да тегін, әрі уақытылы беріліп отырады!
Бұл жұмыстар бодашақта да кеңсе бақылауында болады!