Меню

Страницы

Статья

Көкбай ауылының дәрігерлік амбулаториясы қоғамдық бақылауда!

«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бақыт Серікханқызы Көкбай ауылының дәрігерлік амбулаториясына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында:

Амбулаторияда - 1 дәрігер, 1 акушер, 4 медбике, 1 жүргізуші, 1 техникалық қызметкер және 2 кочегар жұмыс жасайды!

РПН бойынша тіркелген тұрғындар саны - 1177.

Күндізгі емдеу бөлмесінде 4 төсек бойынша емшара алуға жағдай жасалған!

Медициналық құрал жабдықтар сапалы және жұмысқа дайын! Дәлірек айтар болсақ;

Қазіргі уақытта амбулаторияда гриппқа қарсы вакцинация жүруде!

Сондай-ақ, амбулатория алғашқы көмек көрсету және ақпараттық стендтарымен жабдықталған!

Әр кабинетте тізімге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтылған Бикстер орналастырылған (дәрі-дәрмек қобдишасы). Барлық дәрілерді жарамдылық мерзімі тексерілді.

Сонымен қатар, әр кабинетте қалдықтар жәшігі орналастырылған!

Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті!

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, ауыл тұрғындарының 100% Covid-19 қарсы екпе алған. Егер, аталған ауруға байланысты шағымдармен келіп түскен науқастар болса, бірден ПТР сынамасы алынып, арнайы контейнермен жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізіледі.

Амбулаторияда 1 көлік бар, 1 жылы автотұрақ қарастырылған.

Ағымдағы жылда жүктілікпен тіркелгендер саны - 9. Уақытылы тегін жолдама арқылы қалаға скринингке жіберіліп отырады! Ағымдағы жылда 23 сәби дүние есігін ашқан!

Жылдың басынан 7 адам шығыны тіркелген.

Сонымен қатар, жобалық кеңсе жетекшісі тұрғындардан медициналық қызмет сапасы туралы сауалнама алып, ашық сұхбат жүргізді! Кездесу барысында, ауыл тұрғындары медициналық қызметкерлердің жұмысын жоғары бағалап, оң бағасын берді.

Амбулаторияға күнделікті орта есеппен 15-20 адам дәрігерлік көмекке жүгінеді. Осы уақытқа дейін арыз-шағымдар тіркелмеген!

Диспансерлік есепте:

Қан қысымы жоғары - 102
Онкологиямен - 8
Қант диабетімен - 11
Мүгедектікпен - 20 адам диспансерлік есепте тұр!

Тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың саны бүгінгі таңда 173-ке жеткен!

Дата публикации
19 ноября 2021
Дата обновления
19 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы