Монитринг бойынша:
Бөлімде 1 АЦ-Газ66 өрт сөндіру көлігі бар.
Су сыйымдылығы:
АЦ-Газ66 - 1500 литр бодып табылады.
Камазға су толтыру шамамен 10-15 минут уақытты алады!
Өрт сөндіру көлігі - дала өртін сөндіруге арналған 100 дана хлапушка және өрт сөндіру жеңдерімен қамтылған.
Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі - Төлеген Болатұлының айтуынша, төтенше жағдай орын алғандығы туралы хабардар етілген мекен-жайға шамамен 5-15 минутта жетеді. Төтенше жағдайда тыс уақытта, өрт сөндіру көлігі жылы автотұрақта тұрады!
Орын алған төтенше жағдай туралы - ең бірінші ауылдық округ әкіміне хабарланады
Құтқарушы атағын абыроймен алып жүрген Төлеген Болатұлының бұл салада еңбек етіп жүргеніне - 5 жыл!
Жоғарыда атап өткендей, Саржал ауылдық округ әкімдігіне қарасты өрт сөндіру тірек пунктінде көлік бар, алайда, халық саны 1500-ге жететін ауылдық округ үшін 1 жүргізуші және тозығы жеткен көлік пен құралдар аздық ететіні анық! Осы бойынша арнайы «Ұсыныс хат» дайындалып, аудан әкіміне жолданды!
Ауылдық округте 380 тұрғын үй, 1600 тұрғын және 78 қыстақ орналасқан!
Құрметті аудан тұрғындары және аудан қонақтары!
«Апат айтып келмейді», сол себептен, қандай төтенше жағдай болмасын, біздің елдің азаматтары өз білімдерін жетілдіруді азаматтық борышы санаса артық болмас. Демалыс орындарындарында және күнделікті үй тірлігінде сақтық шараларын сақтайық!
Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталмады! Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады