Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі - Бақыт Серікханқызы Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе көп балалы отбасылардың үйіне 30-ға жуық түтін датчиктерін ортатып, сақтық шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді!
Тегін орнатылған бұндай датчиктер, түтіннің иісіне сезімтал келеді! Небәрі 3 батарейкадан қуат алатын датчиктер, иіс тиу қаупін азайтып, адам шығынының алдын алуда таптырмас дүние болып табылады! Пештен немесе газдан шыққан түтіннен бірден дабыл беріп, тұрғындарға тілсіз жау жайлы ескертетін қондырғылар - газоанализатор датчиктері деп те аталады!
Сонымен қатар, аталған қондырғыларды орнату барысында, Бақыт Серікханқызы Батыр аналарымыздың үйінде сақтық шаралары қаншалықты сақталғандығына көз жеткізді.
Айтып келмейтін апаттан, қателіктің салдарынан тұрғындар жапа шекпеуі басты назарда! Сақтықта қорлық болмайды. Бұл ретте, барлықтарыңызды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз!