Меню

Страницы

Статья

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қоғамдық бақылауда!

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қоғамдық бақылауда!

«Абай - адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды мониторингілеу мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Айжан Рахымқызымен кездесті.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға сәйкес, ғимаратқа кіреберіс жеріндегі пандус орнату қажет. Яғни орнатылып тұрған пандусты стандартқа сай қайта жөндеу, пандусқа және баспалдаққа екі деңгейлі қол ұстағыш жасау, баспалдақтың бірінші және соңғы басқышын сары түспен бояу, мекемеге қол жетімді деген белгі қою, көмекші шақыру түймесін орнату, сырғуға қарсы жабындарды төсеу, санитарлық торабы, қабылдау бөлмесі, тактильды көрсеткіштерді орнату керек және паспортталу қажет.

Қазіргі таңда, ауданымызда жалпы саны 51 нысан осы ұлттық жоспарға сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастырылған!

Ағымдағы жылда жоспар бойынша 2 нысан қаралған.Кеңсе ғимараты және «Құнанбай қажы» мешіті.

Қәзіргі таңда 2 нысанда да инклюзивті жандар үшін қолайлы орта қалыптастыру үшін кешенді түрде жұмыс жасауда.

Жөндеу (сырлау) жұмыстары толық аяқталғаннан кейін өздеріңізбен қосымша бөлісетін боламыз!

Сонымен қатар, Ұлттық іс-қимыл жоспары жобасын басшылыққа ала отырып, мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізілуде.

Қазіргі таңда, ауданымызда ресми түрде тіркелген мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 468-ге жеткен. Бұл, аудан халқының 3% құрайды.

Бұл жұмыстар болашақта да кеңсе бақылауында болады!

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы