Меню
Страницы
Статья
АУДАНДЫҚ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНЕ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
АУДАНДЫҚ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНЕ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 26 қазаны күні «Абай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының аудан бойынша ауылдық округтердегі жетекшілерімен және клуб президенттерімен галстуксыз семинар өтті.
Семинардың мақсаты – өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, жетекшілермен ашық сұхбат жүргізу. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында парсаттылық, адамгершілік қасиеттерін арттыру.
«Абай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бахыт Серікханқызы – жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және клуб жұмысын үлкен жауапкершілікпен жүргізу қажет екендігін хабарлай отырып, жоспарланып және атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын бір жүйеге келтірудің маңыздылығын да атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет және білім саласының ардагері, ауданымыздың белді азаматы, ел ағасы Имаханов Ерлан Молдағалиұлы семинар қатысушыларына парасаттылық пен адамгершілік қасиеттерінің бастауы, сондай-ақ жастарымыздың ел болашағына жанашыр, Адал әрі Әділетті азамат болып шығуы үшін тәрбиеде неге көңіл бөлген жөн екендігі туралы ойымен бөлісті.
Кездесу барысында "Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ әдіскері Аймұханова Ақмарал Тілеуғазықызы парасаттылыққа ұмтылуда кітап оқудың қаншалықты маңызды екендігін айтып, «Парасат жолы» орталығының жұмысымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, танысып шығу үшін парасаттылыққа үндейтін кітаптарды ұсынды.
Жастар ресурстық орталығының әдіскері Қалиев Қуат Маратұлы клубтың жалпы жұмысынан бөлек, әлеуметтік желілерді қызықты әрі тұрақты жүргізу жұмыстарына тоқталып, контентті жандандырудағы қажетті қағидаттарымен бөлісті.
Кездесу барысында жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы жоспар бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейіне сараптама жүргізіп, алдағы уақытта жоспарланған іс-шараларға тоқталды.
Еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында құрылған «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік , патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Қазіргі күні ауданымызда осындай 11 «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс істеуде.
Жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы өңірдегі «Адал ұрпақ» жетекшілерімен сұрақ-жауап алмасып, ұсыныстарымен бөлісіп, ашық сұхбат жүргізді. Кездесу соңында жобалық кеңсе жетекшісі клуб жетекшілері мен жас болса да бас болып жүрген клуб президенттеріне алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Дата публикации
26 октября 2021
Дата обновления
26 октября 2021
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал