Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қорытындысы қоғамдық бақылауда!
«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бақыт Серікханқызы ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қорытындысына мониторинг жүргізу мақсатында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Думан Нариманұлымен кездесті!
Мониторинг барысында:
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 20 258,2 млн. теңге, бұл 106%-ды құрайды.
Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет – 19 696,0 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда - 106,3 %.
сүт – 28 235,0 тонна немесе 106,8 %-ды құрайды!
жұмыртқа – 990,4 мың дана өндіріп, 105,7 %-ды құрады.
Сонымен қатар,кеңсе жетекшісі ауыл шаруашылығымен айналысыатын тұрғындармен кездесу мақсатында, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Думан Нариманұлымен бірге «Айым Тасболат» дара кәсіпкерлігіне барды! Аталған дара кәсіпкерлік орнында күніне орта есеппен алғанда 10-ға жуық мал сойылады! Негізінде, бойня 100 басқа дейін қарастырылған!
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер жем-шөптің қымбатшылығы, мал ұрлығы, сату кезіндегі делдалдың көптігінен тауардың бағасының түсіп кетуі туралы өз ұсыныстарын білдірді. Аталға ұсыныстарға сәйкес арнайы ұсыныс хат дайындалуда!
Бұл жұмыстар болашақта да біздің бақылауымызда болады!