Әлеуметтік объектілердің қысқы жылыту маусымына дайындығы»
Бұл туралы «Абай-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ «Абай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сайлаубеков Жандос Жасұланұлы мәлімдеді
Сондай-ақ, Жандос Жасұланұлы сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресудің маңыздылығын айтып, қойылған сауалдарға жауап берді.
Аудан көлемінде бюджеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандарға қарасты қыс маусымына әзірлік барысында қамтылған 31 нысан бар, оның ішінде:
- 21 жылу қазандығы қатты отынмен жылынады, білім саласы бойынша - 8 нысан, мәдениет саласы бойынша – 2 нысан, денсаулық сақтау саласы бойынша - 9 нысан. Ауданда орталықтандырылған жылу жуйесі -2 нысан.
- 10 нысан электр қуатымен жылынады; білім саласы бойынша - 3 нысан, денсаулық сақтау саласы бойынша - 1 нысан, мәдениет саласы бойынша - 6 нысан.
Абай ауданында 13 бюджеттік мекеме резервтік электр көзімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде: денсаулық сақтау саласы бойынша - 4 (Қарауыл ауылындағы орталық емханасы, Қасқабұлақ, Құндызды), білім саласы бойынша – 7 (Мамай, Шәкәрім, Медеу, Әуезов, Бекбосынов, Әбенов, Тоқжігітов) және мәдениет саласы бойынша – 2 (Қарауыл, Саржал, ауылдық клуб үйлері).
2021-2022 жылдардың қысқы кезеңіне дайындау және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің барлық жылыту маусымының ішінде тұрақты жұмыс істеу мәселелері бойынша аудан әкімінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 20 өкіміне сәйкес аудандық штаб құрылып, әлеуметтік нысандарға тексеру жұмыстарын жүргізіліп, анықталған кешліктер бойынша мына нысандар жөндеу жұмыстары жүргізілді:.
Білім саласы бойынша:
Кеңгірбай би ауылындағы Шәкәрім орта мектебінің жылу қазандығы ауыстыру жұмыстары – 4 768,0 мың теңге. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары аяқталды.
Архат ауылындағы Бекбосынов атындағы орта мектептің жылу қазандығы ғимаратының төбесін жөндеу, жылу қазандығын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Саржал ауылындағы Тоқжігітов орта мектебінің жылу қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстары - 3 537,0 мың теңге. Жөндеу жұмыстары аяқталған.
Денсаулық саласы бойынша 5 нысан:
Саржал, Тоқтамыс, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларындағы пештерді және насостарды ауыстыру жұмыстары –7 158,5 мың теңгеге жүргізіліп аяқталды.
Көкбай ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының батареяларын ауыстыру жұмыстары – 1 789,75 мың теңгеге жүргізіліп аяқталды.
Мәдениет саласы бойынша 1 нысан:
Қасқабұлақ ауылындағы мәдениет үйінің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары – 4 977,7 мың теңгеге жүргізіліп аяқталды.
Орталықтандырылған жылу жүйесі бойынша 1 нысан:
Қарауыл ауылындағы орталық жылу қазандығының негізгі жылу жүйесінің 60 м құбыры ауыстырылды.
3) Әлеуметтік нысандардың қатты отынмен қамтамасыз етілуі туралы не айтасыз?
Аудан көлемінде бюджеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандарға 2021-2022 жылғы жылу маусымы кезеңіне қатты отын сатып алу мақсатында 68 910,0 мың теңге қаражат қарастырылған «Қаражыра» қоймасы 1 тамыздан бастап жұмысын бастады. Оның ішінде: білім саласы бойынша – 48 778,0 мың теңге, денсаулық саласы бойынша – 12 600,0 мың теңге, мәдениет саласы бойынша – 3 990,0 мың теңге, ауылдық округ әкімдіктеріне – 3 542,0 мың теңге.
Аудан бойынша жылу маусымына барлығы 24 172 тонна көмір қажет. Сонымен қатар көмірдің уақытылы тасымалдануын бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің қатаң бақылауына алынған. Бүгінгі күні қатты отын мекемелерге жеткізу графигі бойынша қамтамасыз етілуде.
Эфир соңында, кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы «Мақсат бір болғанымен, атқарып жатқан міндет әртүрлі! Жастардан құрылған бөлімге сыбайлас жемқорлықпен күресте үлкен үміт артылып отыр!», деп сөзін аяқтады!