Меню

Страницы

Статья

Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынып жатқан және жалға берілген тұрғын үйлерге мониторинг жүргізілді.

Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынып жатқан және жалға берілген тұрғын үйлерге мониторинг жүргізілді.

 «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Мәнзал Біржан Қайыржанұлымен бірге «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынып жатқан және жалға берілген тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында:

 2021 жылға 2 пәтерлі 16 тұрғын үй жеке кәсіпкерлердін есебінен салынуда, жеке кәсіпкерлермен меморандум жасалды. Салынатын тұрғын үйдің шаршы метрі шамамен 100 шаршы метр. Тамыз айының 30 күні 2 пәтерлі 22 тұрғын үй пайдалануға берілді, 2 пәтерлі 10 тұрғын үй қазан айының басында пайдалануға беру жоспарлануда.
Абай ауданы бойынша 2021 жылға 3200 ш/м тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі күні 1942 ш/м орындалды, жоспар толық орындалатын болады.
Жоспардан тыс жеке кәсіпкерлердін есебінен салынып жатқан тұрғын үйлерді 2021 жылға пайдалануға беру жоспары 3200 ш/м, оның 1200 ш/м орындалды, тамыз-қыркүйек айларында 2000 ш/м орындалатын болады.

Инженерлік комуналдық-инфроқұрылым жұмыстары 01.08.2021-31.10.2021 жылдар аралығында жүргізіледі. «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-не бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржы қаралды.


ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы Тоқтамыс көшесіндегі 2 пәтерлі 1 қабатты тұрғын үйлерге инженерлік-комуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу (су құбыры желісі). Мердігер ЖШС «Востокстройгрупп»

ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы Тоқтамыс көшесіндегі 2 пәтерлі 1 қабатты тұрғын үйлерге инженерлік-комуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу (электр желісі). Мердігер ТОО «НКО».
Абай ауданы бойынша 2022 жылы 2-пәтерлі 16 тұрғын үй жеке кәсіпкерлердің есебінен салу жоспарлануда. Оның 2- пәтерлі 11 тұрғын үйі 65 шаршы метр және 2-пәтерлі 5 тұрғын үйі 85 шаршы метр болады. Жоспарланып отырған тұрғын үйлердің орналасатын жер телімдері дайын. Бүгінгі күні құрылыс жүргізетін мердігерлермен келіс сөз жүргізіліп, 2-пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Мердігерлер анықталып, төмендегідей мердігерлермен меморандумдар (Off-take контракт) жасалды: ЖШС «Профирост», ЖК «Аубакиров.К», ЖК «Согумбаев Канат Солтангазыевич»;

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 30 тамызында берілген тұрғын үй иелерімен кездесіп, жаңа үйге риза екендігі анықталды!

Бұл жұмыстар, болашақта да біздің бақылауымызда болады!

Дата публикации
27 сентября 2021
Дата обновления
27 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы