Меню

Страницы

Статья

Интернет байланысының сапасына мониторинг жүргізілді.

«Абай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ауылдық елді мекендердің Интернет желісіне қосылуына мониторинг жүргізу мақсатында аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары білімінің бас маманы Оразбеков Нұрбол Ерсанаұлымен кездесті.

Мониторинг барысында:

Телефон байланысының негізгі жеткізушісі «Қазақтелеком» АҚ Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының аудандық торабы болып табылады. Бүгінгі күні ауданның елді мекендері 100% телефондандырылған, CDMA-450 спутниктік жабдығы және WLL сымсыз жабдығы арқылы сымды және сымсыз байланыс қамтамасыз етіледі.

Осы жабдықты қосу нәтижесінде барлық елді мекендердің қажеттілігі қанағаттандырылды.

Аудан аумағында Beeline, K-Cell, Activ, Tele-2, Алтел сияқты ұялы байланыс операторлары жұмыс істейді.

Аудан бойынша 9 ауылдық округ, 2 елді мекен болса, соның 6 ауылдық округі интернетпен қамтылған. Интернетке қол жеткізу технологиялары: сымды – ADSL, SkyEdge.

 Интернет байланысының қамтамасыз етілу технологиясы: РРЛ және Спутник.

2021-2022 жылдарға ауданның 3 ауылдық округ (Медеу, Саржал, Тоқтамыс) және 1 елді мекенде(Орда) тұрғындарды сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету үшін мұнаралар орнату жұмыстары жоспарланып, демеушілермен келіссөздер жүргізілуде!

Бұл жұмыстар болшақта да кеңсе бақылауында болып, жасалған жұмыстармен бөлісіп отыратын боламыз!

Дата публикации
24 сентября 2021
Дата обновления
24 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы