Әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына мониторинг жүргізілді.
«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы
Әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына мониторинг жүргізу мақсатында, «Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің бас маманы Нұрбол Ерсанаұлымен бірге Аудандық аурухана мен мектептердің қазандық қондырғыларына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында:
Аудан бойынша әлеуметтік-мәдени маңызы бар қазандықтардың жалпы саны - 26
Жылыту жүйесінің жалпы ұзындығы, Қарауыл бойынша - 8 км құрайды.
Орталықтандырылған қазандықтар саны - 2
Автономды қазандықтар саны - 26.
Айналмалы насостар толықтай сыналып, акті жасалып, жылыту маусымына дайын
Мониторинг барысында ауданымыздың жылыту маусымына толықтай дайын екендігіне көз жеткіздік! Ауданымыздың әлеуметтік-мәдени маңызы бар мекемелерге қатты отын алғанда, алынған көмірдің сапасы мен салмағына аса назар аударылатынын айта кеткен жөн!
Барлық мекемелерде резервный қазандықтар қарастырылған!
Құрметті оқырмандар!
Алдағы уақытта, осы тақырыпта, «Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің басшысымен бірге тікелей эфирге шығатын боламыз! Қосымша туындаған сұрақтарыңыз болса, тікелей эфирде қоюларыңызға болады! Біз, оларға міндетті түрде жауап беретін боламыз! Тікелей эфирдің уақыты мен өткізілетін орны алдын-ала хабарланатын болады.