Көкбай және Саржал ауылдық округтерінде «Ашық әкімдік» фронт-кеңселері ашылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Тәуелсіз отанымыздың түпкір-түпкірінде Ашық әкімдік жобасы жүзеге асырылуда. Ашық әкімдік жобасының мақсаты – Әкімдік жұмысын ашық әрі қол жетімді ету, халыққа жедел, әрі сапалы қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, уақытты ұтымды пайдалану болып табылады.
Ашық әкімдік алаңы заманауи техникамен жабдықталып, жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге негізделеді. Билік пен халық арасындағы сенім мен нанымды нығайтуға бағытталған жоба өз жемісін көрсетуде.
Көкбай ауылында жаңа «Ашық әкімдік» алаңының салтанатты түрде лентасын қию құрметі: Абай ауданы әкімі Абдыкаримов Нұржан Оразбекұлына, мәслихат хатшысы Ерлан Арнаұлына, Көкбай ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Медетбекұлы Сәкен ағамызға берілді.
Ал, Саржал ауылындағы жаңа «Ашық әкімдік» алаңының салтанатты түрде лентасын қию құрметі: Абай ауданы әкімі Абдыкаримов Нұржан Оразбекұлына, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Төлеубек Аманғазинге және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбек Ибраев ағаларымызға берілді.