Меню

Страницы

Статья

ХҚО-ларда міндетті брондау болмайды

ХҚО-ларда міндетті брондау болмайды

Қазақстандықтар ХҚО-ға 23 тамыздан бастап міндетті брондаусыз бара алады. Бұл ретте Ashyq жүйесіндегі мәртебені тексеру арқылы өткізу тәртібі сақталады.
«Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс тәртібі клиенттердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табу қиын болды. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді Міндетті алдын ала брондаусыз ала алады. Бұл ретте электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғы тәртіпте қалады. Бұл жағдайдағы клиенттің артықшылығы – операторға ұзақ кезексіз жүгіне алады. Біз келушілердің саны өсетінін түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Ә. Қожықов.
Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін Ashyq-пен өзара ықпалдастырды. Бұл клиенттің мәртебесін ХҚО-да кезек талондарын беру кезінде де тексеруге мүмкіндік береді. Терминалда клиенттің ЖСН-ін теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.⬇️
4 дн.
Фото профиля _baqytjan_j
_baqytjan_j

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы