«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы @19zhakyzhanova92 мен Абай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Н.Камалов @kamalov_nursultan1992 оқу жылын дәстүрлі (оффлайн) түрде бастайтын «Абай колледжі» КММ-нің жаңа оқу жылына дайындығын бақылау мақсатында, оқу ғимараты мен жатақханасына барып, ағымдағы жылы жасалып жатқан жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
❗Мониторинг барысында:
🔰 Жалпы саны 36 орындық жатақханада тұруға 26 студент өтініш қалдырған, бұл көрсеткіш - 72% құрайды!
🔰Жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп, қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда!
🔰Ағымдағы айдың соңына дейін шыға беріс есіктер алмастырылады деп күтілуде!
🔰Сырлау жұмыстары да өз жалғасын табуда!
🔰 Сонымен қатар, жуынатын бөлмелер толық жөндеуден өтуде!
✅ Мониторинг соңында бірқатар ұсыныстар жасалды:
📌 Кіреберістегі шақыру тетігін іске қосу;
📌 Бейнекамералардың үнемі істеп, вахтада қадағалайтын адамның болуы, студенттердің қауіпсіздігінің сақталуы;
📌 Жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуын қадағалау;
📌 Мед кабинетті жабдықтап, бірінші қажеттіліктегі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың болуын қадағалау;
📌 Жатақханада санитарлық талаптар қадағаланып, антисептиктердің болуын қамтамасыз ету;
📌 Студенттердің ыңғайлылығы үшін қолайлы орта қалыптастыру!
🔴Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталмады! Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады!
☎️Егер Сіз, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз немесе еріксіз куәгер атансаңыз, бізге 9️⃣➖2️⃣1️⃣➖4️⃣4️⃣ немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1️⃣4️⃣2️⃣4️⃣ сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз!
📹 Монитоиинг барысын видеоға түсіріп, сапалы дүние етіп шығарған @videograp.kuka алғыс білдіреміз🤝
@abai_adaldyqalany
@abaizhastary2021
@shygys_adaldyq_alany
@marjan_baqyt